Енді 5 күннен кейін азаматтар жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу құжатын өздерімен алып жүрмесе де болады. Тиісті заңға мемлекет басшысы 1 ақпанда қол қойған болатын. Құжат 13 ақпанда күшіне енеді. Жол сақшылары жүргізушінің жеке куәлігі арқылы барлық мәліметтерді электронды базадан тексере алады. Сәйкесінше, аталған құжаттар болмаса да, әкімшілік айыппұл салынбайды.
Айта кетерлігі, егер көлік шет елде тіркелсе немесе жүргізуші куәлікті басқа елде алса, онда тиісті құжаттарды көрсетуге міндетті.
Серік Түсіпов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Егер полиция қызметкері аталған құжаттарды талап ететін болса, 102-ге немесе өзіндік қауіпсіздің бөлімшелеріне хабарласуларыңызға болады. Әкімшілік хаттамаға қатысты сотқа жүгінуге құқығыңыз бар. Бірақ жаңа заң нормалары әрбір қызметкерге егжей-тегжей түсіндірілген. Сондықтан мұндай жағдай орын алмайды.
Дарын Сағитов