Қарағандыда компьютерлік клуб карантиндік шектеулерге қарамастан заңсыз жұмыс істеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда компьютерлік клуб карантиндік шектеулерге қарамастан заңсыз жұмыс істеген

05.02.2021

Қарағандыдағы компьютерлік клубтардың бірі карантиндік шектеулерге қарамастан заңсыз жұмыс істеген. Кезекті рейд барысында мобильді топ ойынның қызығына берілген 15-ке жуық жасөспірімнің үстінен түсті. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Ал өңірдегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, мұндай көңіл көтеру орнының жұмысына тыйым салынған. Енді қожайыны бұл әрекеті үшін жауап береді. Жалпы жыл басынан бері облыстағы 214 мониторингтік топ 12 мыңнан астам нысанға тексеріс жүргізіп, 573-не айыппұл салынған.

Айнаш Төлешова, Қазыбек би ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы:
Бізге шұғыл ақпарат түсті. Соның негізінде тексеріс жүргізіп, клубтың заңсыз жұмысын әшкереледік. Енді әкімшілік хаттама толтырылады. Компьютерлік клубтардың жұмысына тыйым салынған.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу