Алматыда жұмыртқа бағасы шарықтап тұр
Жыл басынан бері 10 данасы 460-тан 600 теңгеге дейін өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы жұмыртқа бағасы 20 процентке қымбаттаса, қаңтар айынан 30 процентке дейін көтерілген. Мұны сарапшылар бидай, өсімдік майы, соя және күнбағыс ұнтағының 20-дан 60 пайызға қымбаттауымен байланыстырады. Былтыр қыркүйекте тараған құс тұмауына байланысты фабрикалар күрке тауықтардың санын азайтқан. Салдарынан жұмыртқа тапшылығы туындап отыр.
Тағы бір себеп - жұмыртқаға маусымдық сұраныстың артуы. Себебі қыста жазға қарағанда екі есе көп сатылады. Мамандар сұраныс төмендей бастағанда баға қайта түседі деп болжап отыр. Ал қала әкімдігінің өкілдері бағаны тұрақты ұстау үшін жұмыстар атқарылып жатқанын айтады.
Дамир Тазабек, Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:
Былтыр тамыз айында жұмыртқа өндірісінің субсидиясы азайды. Қазіргі таңда біз бүкіл құс фабрикасымен жұмыс жасап жатырмыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02