Алматыда жылу көздерінен шыққан қалдықтар көлемі 140 мың тоннадан асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жылу көздерінен шыққан қалдықтар көлемі 140 мың тоннадан асқан

04.02.2021

Алматыда өткен жылы қаладағы жылу көздерінен шыққан қалдықтар көлемі 140 мың тоннадан асқан.

Бұл туралы бүгін Алматыда Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Мегаполистің экологиялық проблемаларын оңтайлы шешу үшін бірқатар бастама қолға алынған. Мамандардың сөзінше, ауаның ластануына негізгі себеп – жылу электр станциялары, жеке тұрғын үйлер мен автокөліктердің көптігі. Сондықтан, көктем айларында қала аумағына 19 экобекет орнатылып, автокөліктерден шығатын түрлі қалдықтар көлемі тексерілмек. Мамандар Алматы іргесіндегі екінші жылу электр станциясын көгілдір отынға ауыстыру жұмыстары 2025 жылы аяқталатынын атап өтті. Соның нәтижесінде орталықтан шығатын түрлі зиянды заттар 83 пайызға азаймақ. Көгілдір отынға ауысу барлық жағынан тиімді дейді экологтар.

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитет төрағасы:
-Бір вариант болды. Осындай тазалағыштармен көмірде қалдырып, жаңа тазалайтын фильтрлар қойып. Оның бағасы 15 миллиардқа жақын. Ал газға көшіру 90 миллиард болып тұр. Көмірде қалдырып, тазалағышқа өтсек 3 есе азайтады. Ал газға өтсек 6 есе азайтады.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу