Мәжіліске медицина саласынан келген депутаттар екпе салдырды
Мәжіліске медицина саласынан келген депутаттар коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Вакцинацияның алғашқы кезеңінен бүгін Зарина Камасова, Ғалымжан Елеуов және Лариса Павловец өтті. Олар VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары болып сайланғанға дейін індетпен күрес шеңберінде аймақтарда медициналық мекемелерде жұмыс істеп, халыққа қажетті көмек көрсетті. Қалған депутаттарға екпе наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сай салынады. Ал, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясымен ауырғандықтан, ағзасында антидене жеткілікті. Сол себепті екпе салдыруды қажет етпейді, дейді Мәжілістің баспасөз қызметіндегілер.
Ғалымжан Елеуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:- Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені, ол менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01