Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан қуылды. Оқиға былтыр 17 желтоқсанда болған. Петропавл қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы қызу қалпында көлік рөліне отырғаны үшін ұсталды. Соттың шешімімен 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, оның ісі әдеп жөніндегі кеңесте де қаралды.
Сәлима Базарбекова, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз хатшысы:
Ол заңға сәйкес қызметтен тыс уақытта мінез-құлық стандарттарын сақтамай, қоғамдық адамгершілікке, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғуымен байланысты заңнама талаптарын бұзуға жол берді. Яғни, Қазақстан Респпубликасының заңнамасында көрсетілген міндеттемелер мен шектеулерін бұзған. Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен қала әкіміне оны қызметінен босату ұсынылды.
Сағындық Сәбитұлы