Сириядан бір топ қазақстандық елге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядан бір топ қазақстандық елге қайтарылды

04.02.2021

Сириядан бір топ қазақстандық елге қайтарылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдардың қолдауымен арнайы операция өткізген. Нәтижесінде 4 ер адам, 1 әйел және 7 бала елге оралды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі.

Ал осы Таяу Шығыстағы тыныштықты қорып жүрген қазақстанның бітімгер сарбаздары «RITEX» оқу-жаттығуына қатысты. Бітімгерлер таң сәріден оқу дабылымен көтерілді. Сценарий бойынша базадан алыс емес жерде қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Әскерилер бірден белгіленген тәртіп бойынша әрекет етіп, қойылған міндеттерін өте жақсы дәрежеде өткеріп шықты. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу