Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын іске қосты
Енді полицияға бейнеқоңырау арқылы хабарласуға болады. Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын ресми түрде іске қосты. Онлайн-сервис полицияны халыққа жақын әрі қолжетімді етуге арналған. Жоба осы уақытқа дейін пилоттық режимде жұмыс істеп, оны 5 мың азамат өз телефонына көшіріп алған. Бүгінге дейін жедел басқару орталығына 2200 бейне қоңырау шалынып, 120 хабарлама келіп түскен. Жаңа жүйемен жұмыс істеу үшін 400-ден астам маман арнайы оқытылған.
Сәкен Сәрсенов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:-Мысалы 102-ге қоңырау шалған кезде біздің қызметкерлер бәрін сұрайтын. Сіздің аты-жөніңіз кім, қай жерденсіз, адресіңіз қандай? Оған уақыт кететін. Қазір осы жүйе арқылы бұрыннан бұл жүйеге тіркеліп қойғансыз, сіздің атыңыз шығады. Телефон номер және де қай жерден сіз звондап жатқаныңызды біздің қызметкерлер автоматты түрде көреді.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02