Таңғы 7:30-дар шамасында отағасы ауладағы көлігін оталдырып тұрғанда, үйі ішінде алапат жарылыс болған. Күйіп қалған әйелі мен қызы дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір 30 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 53 пайызын күйік шалған. «Сондай-ақ, алты жастағы Мерекенің де жағдайы ауыр», дейді дәрігерлер. Ал, құтқару қызметі мен газ саласының мамандары апаттың неден болғанын анықтап жатыр. Үй иесінің айтуынша, үйлерінде жарылысқа ешбір нәрсе себеп болмаған. Газ баллоны бүтін. Сондай-ақ, пеш те ол сәтте өшірулі тұрған. Мамандар жарылыс жер астынан өткен газ құбырындағы ақаудан шығуы мүмкін дегенді айтып отыр.
Қуаныш Сиқымбаев, Шымкент қаласының тұрғыны:
- Үйдің алдында жердің астымен газ өткен. Осы жазда көршіміз өткізді. Үйіне тартып алған. Себебі содан болып тұр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ