Шымкентте автобус жүргізушілері наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қойды
Бүгін Шымкентте жолаушылар тасымалымен айналысатын «Symkentbus» компаниясының 500-ден астам жүргізушісі мен кондукторлар наразылық танытып, жұмысқа шықпай қойды. Соның салдарынан 14 бағыт бойынша 250-ден артық автобус жолаушыларға қызмет көрсеткен жоқ.
Автопарк алдына таңғы 5.00-6.00 шамасында жиналаған олар түске дейін тарамады. Компания қызметкерлері ең алдымен жалақының аздығына шағымданды. Айына орта есеппен 110-120 мың теңге жалақы алып келген жүргізушілер, күніне 15-16 сағатқа дейін жұмыс істеуге мәжбүр. Сондай-ақ, компания жанар-жағармай мен көлікті кешкісін жуып-тазалауға кететін шығынды да біздің мойнымызға артып қойды деп ашынады. Жүргізушілердің жағдайы былтыр күзде «Төлем» электронды жүйесі енгізілгелі тіпті қиындап кеткен.
Серік Назымбеков, автобус жүргізушісі:
Бірінші кезекте жүргізушілердің жағдайын жасап берсін. Айылығымызды көбейтсін және кондукторларға жеке айлық берсін.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
Мен сендерге шынын айтайын, қазір шықпаған жағдайда басқа да әрекеттер жасаймыз. Бұдан ешкім ұтпайды. Сіздер де, біздер де. Кешке келемін сіздерге. Барлық сөзге сол жерде нүкте қоямыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02