Батыс Қазақстанда 13 ауыл жарықсыз қалды
Батыс Қазақстан облысында күн райының күрт бұзылуына байланысты жолдар жабылып, бірнеше елді мекен жарықсыз, сусыз қалды.
Қалың тұман мен көктайғаққа байланысты өңірде республикалық жолдар жабылды. Әсіресе Атырау, Ақтөбе, Самара жаққа бағыт алған көліктер Оралдан шыға бере кері қайтарылды. Бұған қоса күннің күрт жылуы 7 ауданның халқына жайсыз тиді. Оның ішінде 13 ауылда электр сымдары үзіліп, жарық өшсе, 5 елді мекен сусыз қалды.
Нұралы Мұсиев, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы:
Электр желісіне мұздақ қатуының салдарынан бағандар құлап жатыр. Жалпы енді мүдделі органдар апатты жою бойынша жедел жұмыстар атқаруда. Осы мәселе бойынша комиссия құрылып, оқиға орнына шығып, анықталатын болады қанша бағандар құлағанын.
Қостанайда да күн күрт жылынып, қар аралас жаңбыр жауды. Соның салдарынан көктайғақ болып, мектептерде сабақ тоқтады. Балалар қашықтан оқуға көшті. Облыстық, республикалық маңызы бар бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12