Депутаттар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысын растамай-ақ ипотека беруді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысын растамай-ақ ипотека беруді сұрады

03.02.2021
Депутаттар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысын растамай-ақ ипотека беруді сұрады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар халықтың әлеуметтік жағынан осал санатындағы азаматтарға табысын растамаса да ипотека беруді және «5-10-20» бағдарламасының шарттарын қайта қарауды сұрап, Үкіметке сауал жолдады.

Депутат Снежанна Имашеваның айтуынша, «5-10-20» бағдарламасының шарттары көпбалалы, жалғыз басты ата-аналарға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, жетім балаларға қолжетімсіз. Келіп түскен 37 мың өтінімнің небәрі 1500-і ғана мақұлданған.

«Оның себептері мынадай: соңғы 6 айдағы аударымдарымен еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасының кірісін растау қажет. Әдетте, мұндай талапты банктер клиенттің төлем қабілеттілігін растау үшін қояды. Алайда осал топтағы азаматтардың жәрдемақы мен зейнетақыдан басқа, ешқандай ресми кірісі жоқ. Бұл ретте олардың көбі тұрғын үй жалдап, ай сайын жалға алу ақысын төлеуге 50-100 мың теңге іздестіруге мәжбүр. Бұл соманы олар тұрғын үй қарызын өтеуге жібере алар еді. Сонымен бірге жақсы кредиттік тарих олардың төлем қабілеттілігінің өлшемі бола алар еді», - деді депутат.


Хабарламаларға жазылу