Шымкентте құтырма ауруының ошағы анықталып, көшелердің біріне шектеу енгізілді
Шымкент қаласында күшіктен құтырма ауруы анықталып, «Жайлау» шағын ауданындағы Ахметов көшесіне шектеу енгізілді. Өлген иттің өлексесіне екі апта бұрын жасалған ветеринарлық сараптаманың қорытындысы індеттің барын растады. Осы шағын ауданында, жер үйде тұратын отбасы күшікті үш ай бұрын базардан сатып алған. Кейін иесі оған оба ауруына қарсы екпе де салдырған. Алайда қаңтар айының басында күшік өліп қалған. Қазір отбасы мүшелері дәрігерлердің бақылауында.
Манарбек Ержігітов, Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:-60 күн бойына шектеу жарияланады. Сол жердегі мал өнімдері ветеринария мамандарының рұқсатымен кіріп шығады. Күшіктің иелеріне эпизоотиялық акт толтырылды. Және сол адамдар құтыруға қарсы екпе алатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02