Енді зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер сомасын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер сомасын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

29.01.2021
Енді зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер сомасын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты.

Бұған сәйкес, қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы, зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарын есептегенін тексере алады, комитеттің баспасөз қызметі.

«Сервис қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауына мүмкіндік береді. 

Деректерге қолжеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе SMS пароль арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS мобилді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі. Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» бөлігіне өтіп, жыл мен кезеңді таңдау қажет», - делінген хабарламада. 

Хабарламаларға жазылу