Депутаттар қандастар үшін квотаны көбейтуді сұрады
Қандастарға бөлінетін квотаның көлемін көбейту керек. Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар Үкімет басына осылай деп сауал жолдады. Себебі, кейінгі жылдарда елден көшу үрдісі белең алды. Ал бөлінетін квотада өзгеріс жоқ. Экономикалық ахуал анағұрлым күрделі болған кездің өзінде квотамен жылына 10 мыңнан 20 мыңға дейін қазақ отбасылар көшіп келетін. Соның арқасында жылына халық саны жылына 40 мыңнан 80 мыңға дейін көбейетін. Ал қазір өңірлерге қоныстандыру жұмыстарының өзі жөнді жүргізімей отыр. Тұрғын үй бөлу, жеңілдетілген кредиттер беру, жайылымға, егіндікке жер учаскелерін тарату, көшкенде беретін қаражатын қарастыру тиісінше дұрыс ойластырылмаған.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Қандастарға бөлінетін квотаның көлемін көбейту, бейімдеу мен кіріктіру орталықтарын құру, репатрианттарға мемлекеттік қызметті қазақ тілінде көрсету, жұмыс күші артық өңірлерден адамдарды солтүстіктегі өңірлерге қоныстандыру сияқты мәселелердің шешілу жолдарын қарастыруды сұраймыз.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02