Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады - Бекшин
Соңғы 4 күнде Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы шаһардың мемлекеттік бас санитар дәрігері айтты. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, мегаполисте бір тәулікте коронавирус жұқтырушылар 130-дан асып кеткен. Қаладағы соңғы ахуалды тілшіміз Жазира Оразқызы тікелей эфирде баяндауға әзір.
Жазира Оразқызы, тілші:
- Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қаңтарда ауырғандар арасында кинотеатрлар мен театрларда жұқтырғандар тіркеліп жатыр. Негізінен індетті 40% қоғамдық орындарда, 20% қоғамдық көлікте, жұқтырғаны белгілі болды. Алып шаһарда қаңтар басталғаннан 3026 КВИ және 237 пневмония жағдайы тіркелген. Тәуліктік ең жоғары өсім жексенбі 24 қаңтар күні байқалған. 132 тұрғын инфекция жұқтырған. 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында тарап отыр. Пациенттердің 35 пайызы - солар.
Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері:
-Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шараларда карантин талаптарын бұзушылықтар байқалды. Тойлар басталды. Сондай-ақ кинотеатрлар мен театрларға барған кезде жұқтырған жағдайлар да тіркелді.
Жазира Оразқызы, тілші:
-Естеріңізге сала кетейін, апта басынан Алматы коронавирус жұқтыру бойынша «қызыл» аймаққа өтті. Сондықтан Бас санитар әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы ескертті.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02