Мүлік иелері бірлестігіне көшу мерзімі өзгермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүлік иелері бірлестігіне көшу мерзімі өзгермейді

27.01.2021

Қазақстанда мүлік иелері бірлестігінің 1132 жаңа нысаны құрылды. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілі айтты. Ұйымның басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан. 

Еске салсақ, былтыр 7 қаңтарда тиісті заңға өзгерту енгізіліп, биылға дейін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс өткізіп, мүлік иелері бірлестігін немесе жай серіктестікті таңдау тиіс болған. Алайда елдегі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал меншік иелерінің жиналыс өткізуіне кедергі келтірді. Бұл ретте, жаңа жүйеге толық өту мерзімі еш өзгеріссіз қала бермек. 

Нұрбек Серіков, «Қазақстанның тұрғын үй-коммуналық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары:
2022 жылдың 1 шілдесіне дейін басқарудың барлық ескі түрлері – пәтер иелері кооперативтері, пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативтері, тұтынушылық кооперативтер жаңадан құрылған мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктерге барлық техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарын актіге сәйкес беруі тиіс әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жойылуы керек.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу