ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

26.01.2021

Шығыс Қазақстанда су тасқыны және қар көшкінінің алдын алу үшін әуеден бақылау жүргізіле бастады. Құзырлы мекеме өкілдері Риддер қаласы маңындағы қардың мөлшерін, су деңгейін тексеріп шықты. Жалпы, биыл аймаққа қар аз түсті. Дегенмен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көктемгі су тасқынына қазірден дайындала бастады. Ал селден қорғау мекемесінің мамандары қар көшкінінің алдын алу жұмыстарын күшейтті. Өйткені облыс бойынша 500-ге жуық қауіпті аймақ бар. Олардың 300-ден астамы елді мекендер мен жолдарға жақын орналасқан. Табиғи апаттың алдын алу мақсатында осы күнге дейін 18 рет жарылыс арқылы таудағы қар төмен түсірілді.

Омар Дүзгенбаев, «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы: 
Жалпы осы учаскілер бойынша 24 қар көшкіні бекеттері орналасқан. Күнделікті осы бекеттерден біздің орталықтағы диспетчерлік пунктке барлық хабарламалар жіберіліп тұрады. Бүгінгі күнге қардың қалыңдығы 15 сантиметрден 1 метр 10 сантиметрге дейін көтерілген. Қазір облыстағы жалпы жағдай тұрақты.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу