Алматыдағы крематорий құрылысы 21 қыркүйекте аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы крематорий құрылысы 21 қыркүйекте аяқталады

26.01.2021

Алматыда 1 миллиард 740 миллион теңгеге крематорий салынады. Әділет министрлігінің өкілдері бұл нысан адам денесін өртеуге арналмағанын, яғни кәдімгі мәйітхана болатынын айтты. Мамандардың сөзінше, ондағы әмбебап пештер қауіпті індеттен көз жұмғандардың денесін сот-медициналық сараптамадан өткізгеннен кейін қалатын биологиялық қалдықтарды өртеуге арналған. Сондай-ақ, пайдаланылған медициналық құралдарды, яғни шприц, маска, қолғап пен қорғаныс киімдерін жою үшін де қолданылады. Сондықтан мәйітханадан айырмашылығы болған соң, бюджеттік бағдарламада оның атауы крематорий деп көрсетілген. Айта кетейік, аталған патолого-анатомиялық бюро мегаполистің Алатау ауданындағы екінші жылу электр орталығының маңынан салынбақ. Қалалық әкімдік тендер өткізіп, мердігер компанияны белгілеген. Құжат бойынша құрылыс осы жылдың 21 қыркүйегінде аяқталуы тиіс.

Темірболат Қожамжаров, ҚР Әділет министрлігі сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:
Осы программа бойынша ақша бөлініп отыр. Басты мақсаты - биологиялық қалдықтарды жою үшін. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бар. Бұйрықта көрсетілген: мәйітті өртеу үшін міндетті түрде туыстарының келісімі болу керек. Келісімсіз ондай жасалмайды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу