Биыл бюджет саласындағы 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өседі - Мамин
Осы жылы бюджет саласындағы 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы өседі. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
«Үкімет биыл халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыру мақсатында міндеттер кешенін айқындады. 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендетеді.
Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жалғасады, бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі. Еңбек нарығын дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған ұлттық жоспар әзірленеді. Осы жылы бюджет саласындағы 1 миллионнан астам жұмыскердің жалақысы өседі», - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02