Өңірдегі экологиялық мәселелер қоғамдық тыңдау арқылы шешіледі
Бұдан былай өңірдегі экологиялық мәселелер қоғамдық тыңдау арқылы шешіледі. Сонымен қатар, жаңа Экологиялық кодекс аясында 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы орган айыппұлдан түскен қаржыны 100% экологиялық залал салдарын жоюға жұмсауы тиіс. Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деді. Аймақтың экологиясына,әсіресе, Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинаттың кері әсері орасан. Келісім бойынша кәсіпорын газдандыруға көшіп, зиянды қалдықтарды 30 процентке қысқартуы тиіс. Алайда комбинаттың жылу қазандықтарын газға көшіруге көгілдір отын жеткіліксіз,-дейді компания өкілдері.
Мағзұм Мырзағалиев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:-Бұлар енді айтатын көрінеді бізге 1,2 миллиард куб газ келуі керек деп. Ондай көлемде газ болмайды. Бары 600 миллион куб деп. Енді біздің сұрағымыз сонда экологияға қандай әсер? Енді үш айдың ішінде жаңа құжатын әзірлеп, бізге ұсынатын болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02