Темекі өнімдері қазанның 1-не дейін таңбалануы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темекі өнімдері қазанның 1-не дейін таңбалануы тиіс

20.01.2021

Таңбаланбаған темекі өнімдерін саудалаған кәсіпкерлерге қазан айынан бастап қатаң шара қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Бақытгүл Қазақбаева айтты. Елде темекі өнімдерін таңбалау шаралары былтыр басталған, биыл күзге дейін жалғасады. Ал талапқа бағынбағандар 500 мың теңгеден бастап 1 жарым млн теңгеге дейін айыппұл арқалайды. Тіпті құзырлы орындардың өнімдерді толық тәркілеп алуына құқы бар. Жалпы, темекі өнімдері легін таңбалау арқылы заңсыз тауар айналымын қысқартуға болады. Тұтынушылар үшін бұл тәртіп өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік берсе, өндірушілер мен кәсіпкерлер үшін заңды бәсекелі ортаны қалыптастырады. Осылайша салықтан түскен қаражаттың есебінен бюджетке келетін кіріс көлемі де ұлғаймақ.  

  Бақытгүл Қазақбаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры:  
-Қазақстанда тауарларды таңбалау тәртібі міндетті. Оны енгізу процесі барысына өндіруші, импортер, дистрибьютор мен бөлшектік сауда өкілі қатысады. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап біз таңбалаудың екінші кезеңіне өтеміз. Ол кезде сигареттер, сигариллалар, электронды темекілерге арналған сұйықтықтар да таңбаланауі керек. Аталмыш шаралардың бірыңғай операторы – «Қазақтелеком» компаниясы болмақ.   

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу