Кореяда сотталған отандастар елге қайтарылуы мүмкін
Кореяда сотталған 25 отандасты елге қайтаруға мүмкіндік бар. Бас прокурордың орынбасары Мәжіліс депутаттарынан тараптар арасында жазасын өтеушілерді беру туралы заң жобасын қолдауды сұрады. Құжат бойынша Қазақстанға қайтарылған адам Корея сотының үкіміне қарай жазасын өтейді. Егер екі жақтың заңдары сәйкеспесе жаза сипаты мен ұзақтығы Корея соты тағайындағаннан қатал болмауы тиіс. Депутаттар ұсынылған келісімді мақұлдады. Сондай-ақ 7-ші шақырылым депутаттары алғашқы жалпы отырыста азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік тұрғыдан қолдау, әскерилердің құқы мен мәртебесіне қатысты заң жобаларын қарады.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдар талап ететінін ерекше атап өтті. Ол заңдар ең алдымен халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан біздің басты мақсатымыз жоспарға сәйкес өз уақытында халыққа қажетті, пайдалы заңдар қабылдау.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02