Теңіз үстінде мәнерлеп сырғанаған ауыл баласы әлемге танылды
Атыраудағы Құрманғазы ауылының тұрғыны 15 жастағы Нұрәли Бектеміров Каспий теңізінің үстінде мәнерлеп сырғанап әлемге танылды.
Әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген бейнебаянның авторы Нұрәлидің ағасы Әди Бектеміров. Кадрлар Құрманғазы ауданында түсірілген. Олар бейнежазбаны америкалық әнші Заг Грейдің әнімен әрлеген. Клипті көріп, тәнті болған шетелдік орындаушы жастарға алғысын жеткізіп, бейнежазбаны өз аккаунтында жариялаған. Осыдан кейін, шетелдік телеарналар да Нұрәлиге қызығушылық білдіре бастаған. Ал, 10-сыныпта оқитын ауыл баласы коньки тебу менің тек хоббиім ғана,- дейді.
Нұрәли Бектеміров, Құрманғазы ауылының тұрғыны:
-Біздің ағам екеуміздің ойымыз танымал болу болған жоқ. Ойымыз Құрманғазы ауданы мен Каспий теңізінің табиғаты мен ғажайыптарын көрсету болды. Біз сол мақсатымызға бір күнде жеттік. Бүкіл әлем таныды. Мұнымен тоқтамаймыз. Алға қарай тағы да Құрманғазы ауданының табиғатын түсіріп, бүкіл әлемге танытамыз деген сенімдемін.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02