Нұр-Сұлтанда карантин талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары күшейтілді

15.01.2021

Нұр-Сұлтанда бүкіл мекеме ұйымдар мен компанияларда еңбек ететін азаматтардың 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Бұл туралы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында айтылды. Сондай-ақ демалыс күндері сауда, ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтайды. Ал жұмыс күндері таңертеңгі сағат 10-нан түнгі 10-ға дейін ашық болады. Ғимарат ішіндегі дәріхана, азық-түлік дүкендері жабылмайды. Қоғамдық тамақтану орындарына таңертеңгі сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Тек залдағы адамдар саны 30-дан аспауы тиіс. Сондай-ақ, бас қалада православ христиандарының мерекесі кезінде жаппай шомылуға тыйым салынды. Алдағы жексенбіде, яғни 17 қаңтарда елордада қала ішілік және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтайды. Себебі, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.  

Дарын Сағитов  


Хабарламаларға жазылу