Сенаторлар Президент сөзіне үн қосты
Мемлекет басшысының бастамалары стратегиялық жоспарларды жүзеге асырудың алғышарты. Президент мемлекеттік аппаратты реформалауды, азаматтардың хал-ахуалын жақсартуды, адам құқығының қорғалуын тапсырды. Бұған орай саясаткерлер де пікір білдірді.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:-Аумақтардың теңгеріліміді дамуы, бәріне теңдей ақша бөлінуі, инфрақұрылымның бірдей қажет екендігі өте орынды айтылды деп есептеймін. Біздің өңірлерде жол мәселесінің өзі әртүрлі дамыған. Бір жерде жол жақсы, бір жерде тіпті де өте нашар.
Расул Жұмалы, саясаттанушы:-Мысалыға барлығына түгелдей қарсымын деген ойлар, бір партияға сенбеймін, бұл енді азаматтардың өз қалауы. Ол да олардың азаматтық құқығы, бірақ әзірге қолданыстағы заңда бұл бап ескерілмейді. Тиісті бюллетеньдер саналмайды. Меніңше әділдік тұрғысынан бұл қажетті-ақ дүние.
Елдос Жұмағұлов, саясаткер:-Мұны кезек-кезеңмен, жайлап жүзеге асыру қажет. Соның ішінде атап өтсек, бұрыннан сұранып келе жатқан жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі болатын. Тиянақтай алмай келе жатқан реформалардың бірі – ол сот жүйесінің тиімділігі. Ол құқықтық мемлекеттің ең негізгі алғышарттарының бірі.
Рақым Бекназаров, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің проректоры:-Қазақстанның адами капиталы дейміз, кадр мәселесі, міне алдынғы қатарға тартылып отырған, Президентіміздің өзі де айтты. Айналып келгенде ол медицина саласы, білім саласы, біз айтып отырған кіші, орта бизнес, өндіріс.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06