Басты Жаңалықтар Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы қалай тексеруге болады

Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы қалай тексеруге болады

Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы қалай тексеруге болады

БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа сервисті іске қосты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет.

Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:

- ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу қажет;

- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру керек;

- «Кодты жіберу» батырмасын басу қажет;

- алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізу керек.

Бұл сервис салымшыларға жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.

Бөлісу