«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты іс сотқа жіберіледі
«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты тергеу аяқталды. Іс жақында сотқа жіберіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.
Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:Ең бастысы, іс аяқталып, қазір құжаттармен танысу жұмысы жүріп жатыр. Қорғаушылар да сұрақтарын қойып, тараптар жауап беруде. Іс жақында сотқа жіберіледі. Ал, оның кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Оған қызметін асыра пайдаланғаны үшін айып тағылып отыр.
Елордада әлеуметтік дәріхана ашылды. Бұл нысан халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына арналған. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасы нарықтағыдан айтарлықтай арзан. Мәселен, дәріхана иесі құны 3000 теңгеден жоғары тауарға 4 пайыз ғана үстеме қоса алады. Себебі, дәрілер тікелей қоймадан жеткізіледі. Сондай-ақ, дәріхана иесі тек коммуналдық төлемдерді өтейді, жалға алу тегін. Алдағы уақытта қаланың әрбір ауданында осындай дәріханалар ашу көзделіп отыр.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06