Ақмола облысында боранға байланысты жолдар жабылды
Ақмола облысында боран соғып тұр. Салдарынан облыстағы бірқатар жолдар жабылды. Облыс орталығы Көкшетауда жауған қалың қар қала тұрғындарын әуре-сарсаңға салды.
Ермек Елберген, тілші:
Ауа райы қазір жақсарды. Жел бәсеңдеді. Алайда қар жауып тұр. Қала сыртында ақтүтек боран. Сондықтан облыстағы бірнеше бағыт бойынша жолдар жабық. Республикалық маңызды Көкшетау мен Петропавл, Омбы, Рузаевка және Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Зеренді, Бурабай аудандары мен Көкшетауда қар қалың түсті. Облыс орталығында 2 күн ішінде жауын-шашынның шамамен бір айлық мөлшері жауды. Сол себепті тіпті ауладан шыға алмай қалған көліктер бар. Қаладағы коммуналдық қызмет мекемелері жолдарды қардан тазалап жатыр. Дегенмен алдымен орталық көшелер және көлік жүретін жолдар ғана ақ ұлпадан аршылды. Жаяу жүргіншілер жолақтары қар астында қалды. Синоптиктердің айтуынша, түнде жел басылып, қар тоқтайды. Бірақ алдағы күндері аяз күшеймек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17