Шығыс Қазақстанда аудан және қалааралық қоғамдық көліктер қайта жүре бастады
Шығыс Қазақстанда бүгіннен бастап санитарлық бекеттер алынып, тек мемлекеттік шекарада тұрғандар ғана қалды. Сондай-ақ, аудан және қалааралық қоғамдық көліктер қайта жүре бастады. Өңірдегі жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге көшті. Дегенмен, оларға бұрынғыдай сапалы қызмет көрсету үшін біраз уақыт керек. Себебі, карантиндік шектеулерге байланысты тоқтап тұрғандарына 10 айдан асқан. Мысалы, облыс орталығы Өскемендегі автобекет жұмысшыларының 70 проценті тарап кеткен.
Алмас Бейсенғазин, автобекет директоры:-Жұмыс бастайық деп жатырмыз, ашылдық. Бірақ дәл қазір автобустар әлі дайын емес. Өйткені ешкім ашылуға рұқсат беретін қаулыны күткен жоқ. Көп автобустар қатып қалды. Екіншіден, көп тасымалдаушылардың жұмысшылары азайған. Қазіргі уақытта көлік жүргізушілер жетпей жатыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02