Су құбырын еріту үшін от жаққандарға қатысты тексеріс жүреді
Алматы облысында коммуналдық қызметкерлердің қатып қалған құбырды от жағып ерітпек болған әрекетіне қатысты ресми тексеріс жүргізіледі. Бірақ, ол үшін оқиғаны видеоға түсірген азаматтан ресми арыз түсуі керек. Тексеріс нәтижесі қосымша хабарланады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, кеше Талғар ауданына қарасты ауылдардың бірінде құбыр маңында от жаққандардың видеосы желіде кең таралды. Коммуналдық қызметкерлер қатып қалған су құбырын еріту үшін көлік дөңгелектерін жаққан. Жер үстімен тартылған су жүйесін осылай ерітіп, тұрғындарды ауыз сусыз қалдырмадық деген әкімдік өкілдері мәселенің мәнісін өздерінше түсіндірген еді.
Абай Сейфуллаұлы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі медиа-орталығының жетекшісі:
-Бұл жағдай жергілікті халықтың ашуын туғызып, әлеуметтік желіде ауданның түтіндеп кеткені туралы жазып жатты. Осыған байланысты Талғар су коммуналдық мекемесінің қызметкерлері өртті сөндірді. Сонымен бірге Алматы облысы Экология департаменті жағдайға байланысты тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдайтынын хабарлаймыз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02