Павлодар облысында 8 балабақша жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 8 балабақша жұмысын тоқтатты

06.01.2021

Павлодар облысында ковидтің кесірінен 8 балабақша жұмысын тоқтатты. Олар облыс орталығы Ақсу қаласы және Баянауыл ауданында. Негізі мектепке дейінгі мекемелерде тек қана кезекші топтарға бала қабылдайды. Қазір 12600 бүлдіршін балабақшаға барып жүр. Бұл бақшаға баратын балалардың 70 пайызы. Аймақта коронавирус әсіресе балалар арасында жиі таралып жатқандықтан ата-аналар кішкентайларын үйлерінде ұстап отыр.  

Қазір облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесінде 10 жеткіншек жатыр. Олардың 8-де COVID-19 вирусы расталған.    

Ал, Ақтауда бір үйдің 2 баласынан коронавирус анықталып, олар барып жүрген жеке балабақша карантинге жабылды. Бүлдіршіндер 4 және 6 жаста. Бұған дейін олардың анасының індетке шалдыққаны анықталды. Бірақ, соған қарамастан балаларын бақшаға жіберген. Бүлдіршіндермен байланыста болған тәрбиеші мен өзге де кішкентайлар қазір үйлеріне оқшауландырылды. Мектепке дейінгі мекеменің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Аягөз Оралбайқызы

Павлодар облысы балабақша

Хабарламаларға жазылу