Бүгінгі Президент мақаласында халықтың, мемлекеттің тағырына қатысты өте өзекті мәселелер көтерілген. Зиялы қауым өкілдері осылай дейді. Олар осы мәселелерді енді уақыт оздырмай шешу қажет екенін айтады.
Несіпбек Айтұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:-Мысалы шекара мәселесі. Елбасы біздің Тұңғыш Президентіміз шекараны бекітті. Біз шекараның сыртын ғана бекітіп, белгіледік. Ал, іші не болып жатыр?! Біздің шекаралық аудандардың бәрі бос қалды. Мәселені өте дұрыс көтеріп отыр.Дихан Қамзабекұлы, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы:-Алаш қайраткерлерінің еңбегі біз үшін, қоғам үшін қашанда шамшырақ екендігі, темірқазық екендігі сөз болды. Және де мұны жастарға үлгі етудің бастамасын көтеріп отыр.
Смағұл Елубаев, жазушы, қоғам қайраткері:-Алтын Орданың 750 жылдығына арналып, неге фильм түсірмейміз деген тақырып көтерілген. Шындығында бұл киногерлердің о бастан армандап келе жатқан арманы еді. Құдай қаласа бұған енді кірісу басталады деп ойламын.Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы:-Президентіміздің ұлттық тарихымызды қайта қорытайық, жаңа деңгейде, жаңа сұраныста қайта жазайық деген ұсынысын мен толық қолдаймын. Оны меніңше көпке созбай Президент айтқандай қолға алуымыз керек.
Мақаланы сенаторлар мен тарихшылар да бірге талқылап, онда көтерілген мәселелерді жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Себебі, мұнда мемлекетті дамыту үшін не істеу керек деген сұраққа нақты жауап айтылған. Тек соның тетігін тауып, қазіргі заманға сай жаңа ұлттың болмысын қалыптастыру маңызды дейді ғалымдар.
Амангелді Сейітхан