2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады

30.12.2020
2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады

Қазақстандықтар 2021 жылы 244 күн жұмыс істеп, 121 күн демалады. Еgov.kz порталында жарияланған өнтірістік күнтізбеге көз жүгіртсек, демалыстардың көбі қаңтар мен мамыр айларына түсіп тұрғанын көруге болады. 

Сенбі-жексенбіден бөлек, қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн қатарынан және 7 қаңтарда, Рождество мерекесінде демалады. 

Келесі жылдың ұзаққа созылатын демалыс күндерінің бірі наурыз айына түсіп тұр. Ел тұрғындары Халықаралық әйелдер күнінде және Наурыз мейрамында 5 күн қатарынан (20-24 наурыз аралығында) демалады.

Мамыр айында да демалыс күндері көп болады. 1 мамыр - Бірлік күні сенбіге түскендіктен ол 3 мамырға және 9 мамыр - Жеңіс күні жексенбіге келуіне байланысты дүйсенбі, 10 мамырға ауыстырылды.

Қазақстандықтар елорданың туған күнінде 3 күн қатарынан және Құрбан Айт мейрамына орай 20 шілде күні, сонымен қатар 30 тамыз − Конституция күні кезінде демалады.

1 желтоқсан − Тұңғыш Президент күнінде және Тәуелсіздік күнінде 4 күн қатарынан демалыс беріледі.

Дереккөз: egov.kz

күнтізбе

Хабарламаларға жазылу