Қазақстанда отшашу ұйымдастырғандарға айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда отшашу ұйымдастырғандарға айыппұл салынады

29.12.2020
Қазақстанда отшашу ұйымдастырғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда отшашуды дұрыс ұйымдастырмағандарға айыппұл салынуы мүмкін. 

Мәселен, түнгі 23:00-ден кейін отшашу атқан тұрғындар тыныштықты бұзғаны үшін жазаланады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, бұл жағдайда жеке тұлғаларға 5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ қазақстандықтарға пиротехникалық бұйымдарды рұқсат етілмеген жерлерде қолданғаны үшін де айыппұл қарастырылған (ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша 20 АЕК).

Осы орайда пиротехниканы сатып алу мәселесі өзекті. Мамандар арнайы лицензиясы бар дүкендерден сертификатталған өнімдерді ғана сатып алуға кеңес береді. Жалпы, пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатқан сатушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Фото: dumatv.ru

отшашу

Хабарламаларға жазылу