Басты Жаңалықтар Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы әуе рейстерінің кестесін жариялады.

Халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды. Барлығы 54 рейс жасалады: 

Біріккен Араб Әмірліктеріне - 16; 

Түркияға - 10;

Өзбекстанға – 6;

Беларусь пен Германияға – 4;

Мальдивке – 3;

Оңтүстік Кореяға, Нидерландқа, Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2;

Украинаға – 1 рейстен. 

Рейстердің ұшу уақыты мен күнін авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады.

Бөлісу