ШҚО-да аяз күшейіп, мектептерде сабақ тоқтады
Аяздың салдарынан Шығыс Қазақстандағы бірқатар аудан мен қала да оқушылар мектепке барған жоқ. Өткен түнде Өскеменде сынап бағанасы -34 градусқа дейін төмендеді. Қатты аяз болғандықтан республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше бағыттағы жолдарда дизелді қозғалтқышы бар көліктердің түнде жүруіне шектеу қойылды. Өскемендегі қоғамдық көліктердің де жанармайы қатып қалып, жолға шыға алмағандары көп болды. Сондай ақ, облыс орталығында теміржол үстінен салынған көпірдің асфальты аязға шыдамай, шытанап кетті. «Көпір зақымданғанымен, қауіп жоқ», дейді мамандар. Төтенше жағдайлар департаменті аса қажет болмаса алыс жолға шықпауға кеңес беріп жатыр. Өскемен-Алматы тасжолында көлігі сынған жолаушыларға көмек көрсетілді.
Бауыржан Жүрекбаев облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
Аягөз қаласына 30 километр қалған кезде қоғамдық «ГАЗель» автокөлігі жолда сынып қалған. Сол себептен біздің құтқарушылар барып 14 адамды Аягөзге жеткізді.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06