«Жұмыспен қамту» жол картасы аясында биыл 220 мың адам жұмыс тапқан
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында биыл 220 мың адам жұмысқа тұрған. Олардың дені карантин салдарынан табысынан айырылған азаматтар. Көбі маусымдық уақытша жұмыстар болса да, 15 мың адам осы бағдарлама арқылы тұрақты кәсібін тапқан.
Сағжан – ерекше жан. Колледжді тәмамдап, бірден жұмыс таппағаны рас. Бірақ кембағалмын деп кейімеді. Мамандығы – электрик. Оқуы аяқталған сәтте карантин күшейіп, тығырыққа тірелген. Күтті. Ақыры «Жұмыспен қамтудың» жол картасы аясында өзіне керек кәсібін тапты.
Сағжан Бекқали, қала тұрғыны:-Еңбек кз-тен өтініш жіберіп, осы жұмысқа орналастым. Істеп жатқаныма 5 ай болды. Жұмыстары жақсы.
Бағдарлама іске қосылғалы Сағжан сынды 220 мың адам жұмысқа орналасқан. Олардың жартысына жуығы - ауыл азаматтары. Ал, 39 пайызы жастар, 7 пайызы мүгедектігі бар адамдар.
Рауан Қапан, жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:- «Жол картасы» бойынша іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру кезінде өңір бойынша бөлінген қаражатқа шаққанда әрбір 4 миллион қаражатқа бір адамға жұмыс орнын ашуға міндетті. Мысалы 40 млн бөлінді дейік бір өңірге сонда ол әр 4 миллионына бір адамнан алу керек.
Негізінен, «жол картасы» 4 бағыт бойынша іске асырылады. Яғни, әлеуметтік-мәдени нысандар салу, жол жөндеу. Инженерлік көлік инфрақұрылымын жақсарту мен өңірлерді абаттандыру. Осы бағыттар бойынша қазір 6700 жоба қолға алынған. Келер жылы тағы да көбейтілмек.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы