Геологиялық барлау жұмыстары күшейеді
Шығыс Қазақстан облысында пайдалы қазбалар қоры таусылып барады. Алаңдатарлық жайт. Аталған мәселені шешу мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірге жұмыс сапарымен келді. Ол облыста геологиялық барлауды күшейту бойынша жұмыс тобы құрылатынын айтты. Сондай-ақ бұл проблеманы шешудің тағы бір тетігі заманауи технологияны қолданып, инвесторларға қолайлы жағдай жасау.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Бізді алаңдататыны - Өскеменде, Шығыс Қазақстан облысында ресурстардың қоры 15 әрі кетсе 20 жылға жететіні анық. Сондықтан біз қазірден бастап жаңа кен орындарын ашуға атсалысуымыз керек.Біздің тарапымыздан геология комитеті және вице-министр жұмыс тобын құрады. Осы жұмыс тобына ірі кәсіпорындардың өкілдері кіреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02