Басты Жаңалықтар Алматы облысында әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Алматы облысында әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Алматы облысының Іле ауданында көпбалалы аналар мен жас мамандар баспаналы болды. Боралдай кентінде 130 пәтерлі көпқабатты үйден «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалармен пәтерлер берілді. Тұрғын үй құрылысы келер жылы да жалғасады. Сондай-ақ Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Ал Ащыбұлақ ауылында үш ауысымды оқыту проблемасы шешілді. Орта мектептің жанынан 300 орындық жапсаржай салынды. 

Бөлісу