Маңғыстауда 2 млрд теңге салықтан жалтарған кәсіпорындар әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 2 млрд теңге салықтан жалтарған кәсіпорындар әшкереленді

22.12.2020
Маңғыстауда 2 млрд теңге салықтан жалтарған кәсіпорындар әшкереленді

Маңғыстау облысында бірнеше кәсіпорын басшылығы жалпы сомасы екі миллиард теңгеден асатын салықтан жалтарған, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңды және жеке тұлғалар тобына қатысты аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарудың екі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады.

«Бірінші жағдайда «СпецКомунСтрой KZ» ЖШС 2014-2018 жылдар аралығында серіктестіктің шығыс бөлігін жабу үшін жалған жеткізушілерден - «Ринат Актау» ЖШС, «Бори Актау» ЖШС жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жеткізбей шот-фактураларды алған. Бұл ретте, Маңғыстау облысының МАЭС шешімімен аталған кәсіпорындар арасындағы мәмілелер заңсыз деп танылды. Құжаттық салық тексерісінің актісіне сәйкес6 «СпецКомунСтрой KZ» ЖШС 163 млн теңге сомасындағы салықтан жалтарған. Мұнайлы аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы ҚР ҚК 245-б. 2-б. 1-т. бойынша айыпты деп танылып, оған бір жылға бас бостантығын шектеу жазасы тағайындалды.
Екінші дерек бойынша басқа кәсіпорынның басшысы 2013-2017 жылдар аралығында дәл солай серіктестіктің шығыс бөлігін жабу үшін жалған тұлғаға тіркелген жалған жеткізушіден 5 миллиард теңге сомасына жалған шот-фактураларды алғаны анықталды. Яғни, кәсіпорын 2 миллиард 225 миллион теңге сомасына салық төлеуден жалтарған. Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясы бойынша іс фигуранттарының бірінің жылжылмайтын мүлкіне 2 миллиардан астам теңге сомасына тыйым салынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 245-б. 3-т. бойынша қылмыстық іс Жаңаөзен қалалық сотында қарастырылу кезеңінде», - делінген хабарламада.
салық Қаржы мониторингі комитеті

Хабарламаларға жазылу