Қостанай облысында вагон өртеніп, 53 жастағы әйел адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында вагон өртеніп, 53 жастағы әйел адам қаза тапты

21.12.2020

Қостанай облысында вагон өртеніп, салдарынан 53 жастағы әйел адам қаза тапты. Уақытша тұрғынжай ретінде жабдықталған контейнер-вагон Арқалық-Торғай тас жолына жөндеу жүргізіп жатқан кәсіпорынға тиесілі. Қайтыс болған азаматша осы мекемеде аспазшы болып жұмыс істеген. Болжам бойынша өрт таң алдында, вагон ішінде керуерттің тұсынан басталған. Оттың тұтануына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.   

Ал Маңғышлақ-Ақтөбе пойызындағы өрттен зардап шеккен науқастардың бірі ауруханада көз жұмды. 42 жастағы азаматтың денесінің 80 пайызын күйік шалған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай осыдан 1 апта бұрын болды. Маңғыстаудан Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызының жүк салған вагонында газ баллон жарылып, салдарынан 4 Қазпочта қызметкері мен 10 жасар бала зардап шекті. Науқастардың 4-еуі қазір Ақтау қаласындағы облыстық ауруханада ем алып жатыр. Баланың беті бері қарады. Бірақ, әкесінің жағдайы ауыр. Тағы екі науқастың денсаулығы жақсы. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Дәуренбек Әбдібек 


Қостанай облысы вагон өрт

Хабарламаларға жазылу