Көкшетауда жарылыстан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр
Көкшетауда газ баллон жарылысынан зардап шеккен алты баланың үшеуінің жағдайы ауыр. Екі ересек адам амбулаторлық ем қабылдауда. Оқыс оқиға кеше кешке болды. Газ баллоны тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жарылған. Төрт литрлік баллонды баспанаға пәтер иесі алып келген. Көпқабатты үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Бірақ, үй иесінің баллонды пәтерге неге әкелгені белгісіз. Мамандар оны анықтап жатыр. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Баспананың терезелері сынып, балкон жақтаулары опырылып түскен.
Петр Редкозубов, көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігері :-Денелерін күйік шалған 6 бала кеше ауруханаға түсті. 3-еуі жан сақтау бөлімінде, естерін жинады, бірақ жағдайлары ауыр. Қалғандары жалпы палатада. Қатты күйік шалған. Әзірге ешқандай болжам айта алмаймыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06