Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясындағы бірегей жоба. Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі. Келер жылы ақпан айында жаппай екпе жасалады. Вакцина бірінші кезекте медицина, құқық қорғау қызметкерлері, педагогтер мен студенттерге, сондай-ақ созылмалы аурулары бар азаматтарға ерікті түрде салынады. Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Саран қаласындағы автобус шығаратын зауыттың ашылуына қатысып, кеншілер қаласындағы өзге де кәсіпорындарды аралады.
Сергей Барон, Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директоры:Біз толықтай дайын өнім шығарамыз. Еліміздегі фармацевтикалық зауыттардың ішінен біздің кешеніміз өндіріске қолайлы деп таңдалды. Вакцина бұл биотехнологиялық күрделі өнім. Біз өзіміздің техникалық базамызды жаңғыртып, мамандарымызды оқыттық. Алдағы уақытта өндіріс қуатын арттыра түсеміз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02