24 желтоқсаннан бастап ескі көліктерге утилизация жасау уақытша тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24 желтоқсаннан бастап ескі көліктерге утилизация жасау уақытша тоқтатылады

21.12.2020
24 желтоқсаннан бастап ескі көліктерге утилизация жасау уақытша тоқтатылады

Еліміздегі ескі көліктерді қабылдау бекеттерінің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ӨКМ Операторы баспасөз қызметі хабарлап отыр. Мұндай шешім істен шыққан 40 мың бірлік техниканы жоюға қабылдау бойынша жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалуына байланысты қабылданған. 

23 желтоқсанда Қазақстанның 17 өңіріндегі ескі көліктерді қабылдау бекеттері тозығы жеткен жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін қабылдауды аяқтайды. Автокөлік иелерінің өтініштері электрондық кезекке сәйкес сағат 17:00-ге дейін өңделеді.

24-31 желтоқсан аралығында қабылдау бекеттерінде жиналған техниканы сығымдау және Қарағанды облысындағы кәдеге жарату зауытына тасымалдау процесіне дайындау жүзеге асырылады. Сондай-ақ, істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қабылдау бойынша квота толық игерілген.   Айта кеткен жөн, ескі техниканы тапсыруды ынталандыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасын табады. 


ескі көлік көлік ауыл шаруашылығы техникасы

Хабарламаларға жазылу