ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласындағы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.