Қарашығанақ консорциумы және Қазақстан Үкіметі көп жылдық дауды шешті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашығанақ консорциумы және Қазақстан Үкіметі көп жылдық дауды шешті

14.12.2020
Қарашығанақ консорциумы және Қазақстан Үкіметі көп жылдық дауды шешті

Консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ доллары көлемінде төлем жасады. 

Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі және Өкілетті орган – «PSA» ЖШС арқылы әрекет еткен Қазақстан Республикасының Үкіметі, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері – Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл компаниялары дауды шешуді Аяқтау жөнінде келісімге қол қойды. 

Аяқтау туралы келісім аясында: 
- Консорциум Қазақстан Республикасына 1 миллиард 305 миллион АҚШ доллары көлемінде төлем жасады; 
- тараптар өнім бөлудің түпкілікті әдістемесін келісті, нәтижесінде: Қазақстан 2037 жылға дейін қосымша 600 миллион АҚШ долларын алады(мұнай бағасы 1 баррель үшін 40-50 АҚШ доллары болған кезде); 
- тараптар Қарашығанақ кен орнындағы өндіру деңгейін одан әрі ұстап тұру мақсатында Қарашығанақ-1 (А) кеңейту инвестициялық жобасын іске асырудың басталуын мақұлдады. 

Қарашығанақты келешекте кеңейту жобасының (ҚКЖ (1А) инвестициялық көлемі шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды және газды кері айдау компрессорын және онымен байланысты қондырғыларды салуды көздейді. Бұл сұйық көмірсутектер өндіру көлемін жылына 10-11 млн деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. ҚКЖ (1A) іске асыру жергілікті қамтудың ең аз үлесін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда 45% және персоналды жалдауда 75% мөлшерінде қамтамасыз етуге болады.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми өкілінің айтуынша: Бүгін тараптар Аяқтау туралы келісімге қол қою арқылы ұзақ мерзімді дау мәселесінде соңғы нүкте қойды. Келіспеушіліктің мәні – өнімді және сәйкесінше ақшалай кірісті тараптар арасында әділ бөлу. Республика қатаң түрде қол қойылған келісімшарт талаптарына және қолданылатын заңнамаға сәйкес әрекет еткенін атап өткен жөн. Ұзақ және қиын келіссөздер нәтижесінде тараптар дауды бітімгершілікпен шешуге қол жеткізді, бұл Республиканың инвесторлармен туындайтын дауларды келісімшарт ережелеріне сәйкес өзара қолайлы шешуге бейімділігін көрсетті. 


Қарашығанақ консорциумы Қазақстан Үкіметі

Хабарламаларға жазылу