Ақтөбе облысындағы шошқа фермасы қоршаған ортаға 7 млрд теңге шығын келтірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасы қоршаған ортаға 7 млрд теңге шығын келтірген

10.12.2020

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылындағы шошқа фермасы қоршаған ортаға 7 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген. Комиссия тұрғындар арызындағы деректің барлығы расталғанын жеткізді. 

Кәсіпорын маңындағы өлекселер мен ішек-қарындар көмілген жердің көлемі 5 жарым гектардан асқаны анықталды. Тексеріс кезінде оның бір бөлігін ғана қазып көру мүмкін болған. Нәтижесінде, қылмыстық іс қозғалып, 14 миллион теңге айыппұл салынды. Одан бөлек, фермадан шығатын лас су Байбақты өзеніне, одан әрі Елекке құйылып, экологияға, су көздеріне орасан зиян келтірген. Жобалық құны 40 мың бас бола тұра, мұндағы шошқа саны 50 мыңнан асып кеткен. Кәсіпорын жұмысына қатысты барлығы 13 әкімшілік іс қозғалды. Кәсіпкер 7 млрд теңгені 1 ай ішінде төлеуі тиіс. Сондай-ақ, қалдықтар көмілген аумақты және су арналарын толықтай тазарту міндеті қойылды. Кәсіпкер алдағы екі апта ішінде нақты жұмыс жоспарын беруі керек.

Жақсыбек Кемал 


Ақтөбе облысы шошқа фермасы

Хабарламаларға жазылу