Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерінің импортына тыйым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерінің импортына тыйым салынуы мүмкін

10.12.2020
Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерінің импортына тыйым салынуы мүмкін

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Таратылған мәліметке қарағанда, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі отандық МӨЗ-дер өндіретін және сырттан әкелінетін мұнай өнімдері көлемдері арасындағы тұтынудың ыңғайлы теңгерімін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық МӨЗ-дерде мұнай өңдеудің төмендеу фактілерін болдырмауға бағытталған.  

Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 431 бұйрығын қабылдады.

Онда қысқы дизель отынын және арктикалық дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 422 0, 2710 19 423 0) қоспағанда, Қазақстан Республикасына дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 421 0 – 2710 19 424 0 және 2710 19 425 0) теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2021 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге тыйым салу көзделген. 


ашық түсті мұнай өнімдері импорт

Хабарламаларға жазылу