10 желтоқсанда Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен Қызылорда облысының бұрынғы әкімінің қылмысы расталып, 7 жылға сотталды. Оған жазасын орташа қауіпсіз колонияда өтеп, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сондай-ақ, оның орынбасарлары М. Имандосов пен М. Делмұханов - 6 жылға, облыстың бұрынғы әкімінің туысы А. Досмаилов пен облыстың бұрынғы әкімінің сенімді тұлғасы Ж. Ысқақов - 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерінің бір күндік жалақысын аудару есебінен қалыптастырылған және Арыс қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған «Сыр Мейірімі» қорының ақшалай қаражатын жымқырды деп айыпталды.
Жоғарыда аталған 5 сотталушыдан басқа қылмыстық іске 4 кәсіпкер мен Қызылорда облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы тартылды. Оларға қатысты шын өкінуіне байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.